Жамбыл облысындағы тас жолда 11 автокөлік соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алғандар көп

30 тамызда Жамбыл облысында «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының 393 шықырымында Алматы бағытында 11 автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан бірнеше адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болғандар жоқ.

«Жол көлік оқиғасына жел салдарынан болған шаңды дауыл себеп болды. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерді жылдамдықты белгіленген межеден асырмауын сұраймыз», - деді Тұрар Рысқұлов АПБ бастығы Олжас Омарбеков.