Жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқандар саны 12-ге жетті
Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта марқұмдардың жеке тұлғасы анықталуда. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Қаза тапқандар саны он екі адамға жетті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болып, соның салдарынан жалпы саны 12 адам қаза тапты. 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.