Олар түрлі жарақатпен Тараз ауруханасына жеткізілді
Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімде жарылыстан кейін зардап шеккендердің саны 60 адамға дейін артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараз қаласының №1 ауруханасына түрлі жарақаттармен 60 адам түсті, оның ішінде 11 әскери қызметкер (мәліметтер нақтылануда – авт.) бар.
Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек 32 адамның жарақат алғанын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі таңда жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Оқиға орнына Қорғаныс министрі мен Төтенше жағдайлар министрі ұшып кетті.