Шымкенттегі этноауыл өртенді: зардап шеккендер жоқ
Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз
Шымкент қаласында туристер жиі баратын кешенде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті берген мәлімет бойынша, өрт ошағы мұндағы этноауылдан шыққан. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«2021 жылғы 26 тамызда түнгі сағат 00:49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімдері қызыл жалын шарпыған аймаққа 7 минутта келіп жетті. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбе жаппасы жанғандығы анықталды. Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді», - деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.