23.08.2021, 09:43
Оқиғалар
Жамбыл облысында діни бірлестіктің ғимараты өртенді
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді
фото: instagram.com/jambyl_tjd/
Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.
20 тамыз сағат 17:38-де ТЖД кезекші қызметіне Жарлысу ауылында шыққан өрт туралы хабарлама келіп түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының бір қабатты ғимаратындағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шықққан.
ТЖД мәліметі бойынша, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың қабырғалары рама, шатыры мембрана жабыннан жасалған. Өрт сағат 19:20-да сөндірілді.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ТЖД қызметкерлерінің болжамы бойынша, өрт отты абайсыз қолдану салдарынан болған.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды