$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 11:27
Оқиғалар

Жезқазғанда сотталғандар колония қызметкеріне пара беруге тырысқан

Мобильді құрылғыны беруден бір күн бұрын қызметкердің шотына 25 000 теңге жіберілгені анықталды

Жезқазғанда сотталғандар колония қызметкеріне пара беруге тырысқан
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/25 мекемесіндегі сотталған азаматтар ұялы телефонын өткізу үшін қызметкерге пара беруге тырысты.

Сотталған үш адам АК-159/25 мекемесі қызметкерлерінің бірінен ақшалай сыйақы үшін тыйым салынған затты, атап айтқанда ұялы телефонды режим корпусына алып өткізуін сұрады. Сондай-ақ ақша карточкалық шотқа түсетінін жеткізген. Бұл ұсыныс туралы қызметкер Қарағанды облысы ПД ӨҚБ-ға баяндаған.

Мобильді құрылғыны беруден бір күн бұрын қызметкердің шотына 25 000 теңге жіберілгені анықталды. Келесі күні жедел бөлім қызметкерлері сотталғандарға арналған Samsung J5 маркалы ұялы телефонды беру әрекеті кезінде 34 жастағы ер адамды ұстады.

Серіктес жаңалықтары