Балқашта мобильдік топ мейрамханада өтіп жатқан тойды тоқтату үшін терезеден кіруге мәжбүр болды

Автор: Azattyq Rýhy

Мекеме әкімшілігі қонақтарын іштен жауып, рейд мүшелерін кіргізбеген

скриншот: видео

Балқаш қаласында мобильдік топ «Айлин» мейрамханасында өтіп жатқан тойды тоқтату үшін ғимараттың терезесінен кіруге мәжбүр болды.

16 тамыз сағат 15:30 шамасында мобильдік топ жақында ашылған «Айлин» мейрамханасында өтіп жатқан той үстінен түсті. Мекеме әкімшілігі қонақтарын іштен жауып, рейд мүшелерін кіргізбеген. Арнайы күштер шақыртылып, ішке терезе арқылы енуге тура келді.

Тиісті хаттама толтырылып, Балқаш қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді. Бұл жолы мейрамхана иесі мен ұймдастырушысынан басқа, қонақтар да әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісті түсініктемелер құжаттамаға тіркеліп жіберілді.