Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды
Атырау облысында көлік қаққан 9 жасар бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АқЖайыққа сілтеме жасап.
12 тамызда сағат 19:04-те Мақат ауданы полиция бөлімшесіне Мақат кентінде қайғылы жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. «Toуota Sienna» автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, велосипед теуіп келе жатқан жасөспірім баланы қағып кеткені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бала оқиға орнында қаза болды.
Жергілікті полиция шетелдік көлік тізгінінде 53 жастағы жүргізуші, ал зардап шеккен 9 жасар бала екенін анықтады. ҚР ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.