Төтенше жағдай 14 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған
Екібастұзда ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
«Төтенше жағдай 14 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 35 мекен-жайында болды. Ер адам балконның сыртына шығып, салбырап тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар өрмелеу құралдарының көмегімен бесінші қабаттың балконынан түсіп, ер адамның өз балконына кіруге көмектесті», - деді департаменттегілер.
Одан кейін құтқарушылар ер адамды полиция қызметкерлеріне тапсырды.