Олар еліміздің үш қаласында терроризмді насихаттаған деген күдікке ілінді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет хабарламасында.
Айта кетерлігі, қолға түскен адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болған.
ҰҚК өзге мәліметтің тергеу мүддесіне сәйкес, жария етілмейтінін мәлімдеді.