Ол «20 миллион теңге несие алып беремін» деп уәде берген
Шымкентте ер адам алаяқтық жолмен өзгенің 2 миллион теңгесін иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз адам Шымкент қаласы Ә. Жангелдин көшесіндегі сауда орталығының алдында 20 миллион теңге несие алып беремін деп екі миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткенін көрсеткен», - делінген хабарламада.
Еңбекші АПБ КПБ жедел уәкілдерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тұрғынды алдап кеткен азамат анықталды.