Облыста екі жазатайым оқиға болды
Павлодарда электрик биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бір оқиға акционерлік қоғамдардың бірінің аумағында болған.
«29 жастағы электрик биіктікте өндірістік жұмыстарды жүргізу барысында бағанадан құлап кеткен. Ер адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ 54 жастағы қала тұрғыны Ак. Марғұлан көшесіндегі үйдің жанында мас күйінде абайсызда орындықтан құлап кеткен. Ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.