Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкері марихуанамен ұсталды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкерінен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторынан есірткі заттарын сақтаудағы күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Күдікті жұмыс істеп жатқан жанармай бекетінің біріне барған учаскелік полицей өзіне тән иісі бар есірткі заты салынған түйіншекті тауып алады. Алынған заттай дәлелдемелерді бірден сараптамаға жібереді. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 2 грамнан асатын “марихуана” болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.