Семейде жер үй өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Семейде жер үй өртеніп кетті. Үй иесіне қатысты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады, деп хабарлайды Semey News.

10 тамызда 1-Водный кентінде жер үй өртенді. Жалпы ауданы 28 шаршы метр, төбе қаптамасының ағаш конструкциясы, терезе бөліктері, жиһаздары, жеке заттары мен тұрмыстық техникалары өртенді.

Үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБ туралы ҚРК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.