Талдықорғанда құрылыс компанияларын зар қақсатқан ұрылар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қолма-қол ұсталған төртеу қылмысқа алты жігіт болып шыққанын мойындады

 

Талдықорғанда полицияның қолына бір топ ұры түсті. Жаңа салынған үйлердің жылыту батареяларын тонап құрылыс компанияларын зар қақсатқан күдіктілер бір айдан бері ұстатпай жүріпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Сұғанақтардың ізіне түскен сақшылар оларды кезекті үйді тонап жолда кетіп бара жатқан жерінен тұтқындады. Ұрылар бір ай бойы жаңа тұрғызылған үйлерге терезесінен түсіп, жылыту батареяларын шешіп алып кетіп жүрген

Тінткен кезде күдіктілердің үйінен 2 миллион теңгенің құбыры табылды. Қолма-қол ұсталған төртеу қылмысқа алты жігіт болып шыққанын мойындады. Бәрінің жасы небәрі 22-де. Қазір полиция қалған екі ұрыны ұстаумен айналысып жатыр.