11.08.2021, 00:46
Оқиғалар
Павлодарда дүкендегі садақа жәшігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды
Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларының көмегімен тіркелді
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде павлодарлық пабликтердің бірінде ер адамның садақа жәшікті ұрлап кеткені түсірілген видео анықталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол белгілі тұрғылықты жері жоқ 43 жастағы ер адам болып шықты. Күдікті Лермонтов көшесіндегі дүкендердің бірінде ешкім бақыламаған сәтті пайдаланып, санитайзер мен садақа жәшігін ұрлап кеткен. Жәшікте 500 теңге ақша жиналған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларының көмегімен тіркелді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды