$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2019, 11:36
Оқиғалар

Медицина мекемелерінен 3700-ден астам есірткі тектес заттар тәркіленді

5 күндік операция барысында осы салада қызмет атқаратын дәріханалар, емдеу-профилактикалық мекемелер және өндірістік кәсіпорындар сияқты 82 субъект тексерілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.

Медицина мекемелерінен 3700-ден  астам есірткі тектес заттар тәркіленді
health-kz.com

«Мысалы Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде құрамында есірткі бар 1,6 мыңнан астам ампула және  дәрілік заттарды сақтау тәртібі бұзылғаны анықталды. Осы облыстағы ЖШС-нің бірін тексеру барысында лицензиялау нормалары бұзылғаны әшкере болды. Нәтижесінде 93 тонна тұз қышқылы айналымнан шығарылды», - делінген хабарламада.

Жедел тексеру кезінде  Қазақстан бойынша 3,7 мыңнан астам есірткі құралдары мен психотропты препараттардың  таблеткасы мен ампуласы айналымнан алынды. Сондай ақ, құрамында кодеин бар дәрілік құралдарды рецептісіз босатудың 17 фактісі анықталды. Мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғалар үшін 70 АЕК бастап және лауазымды тұлғалар үшін 100 АЕК  айыппұл салу көзделген. Полицейлер есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы бойынша барлығы 21 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

Серіктес жаңалықтары