Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде
Тараздық полицейлер 21 жастағы интернет-алаяғын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны 44 жастағы әйел адам хабарласып, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, автокөлігіне 290 500 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтып, осылайша сеніміне кіріп, алдау жолымен ақша аударымын жасатқызғанын айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтады.
Күдікті қыз өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.