$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2021, 12:44
Оқиғалар

Қазақстанда вакцина паспорты мен ПТР-тесті қолдан жасағандарға қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды

Оның ішінде, 50-і жалған вакцина паспорты бойынша

Қазақстанда вакцина паспорты мен ПТР-тесті қолдан жасағандарға қатысты 110 қылмыстық іс қозғалды
Фотог: ашық дереккөзден

Қазақстанда ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ҰҚК, БП, СЖҚКА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты.

«Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді», – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті.

Топ жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 60-ы жалған ПТР-анықтама және 50-і вакцинация паспортын жасау бойынша.

Серіктес жаңалықтары