Қызылордада газ жарылып, үш адамды күйік шалды
Аталған ауданда газдандыру жұмыстары биыл шілдеде басталған еді
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жеке тұрғын үйді табиғи газға қосу кезінде жарылыс болды деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Салдарынан үй егесі мен «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының екі жұмысшысын күйік шалып, ауруханаға түсті.
Науқастардың жағдайы орта дәрежеде дейді дәрігерлер. Үй шығындарын мердігер мекеме өз мойнына алды. Жұмысшыларға да кәсіпорын тарапынан көмек көрсетіледі. Ал, оқиғаның нақты себебі казір анықталып жатыр.
«Қазіргі таңда ішкі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелер өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Ешқандай болжам жоқ. Анықтау жұмыстары жүрзілісін, сосын барып нәтижесін айтамыз. Екі жұмысшыға толықтай аяғынан тұрып кеткенше дәрі-дәрмегіне, қажеттілігіне жәрдем береміз», - деді «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК директорының міндетін атқарушы Абзал Шәуенов.
Айта кетейік, Жалағаш ауданын газдандыру жумыстары шілде айында басталды. Қазір 100-ден астам отбасы көгілдір отын игілігін көріп отыр.