Олар үйінен қашып кеткен
Текеліде жоғалып кеткен екі баланы полицейлер Талдықорғанда табылды деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны хабарласып, 10 және 14 жастағы екі баласының жоғалып кеткенін айтқан. Олар үйден шығып, сол күйі оралмапты.
«Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында қалалық полиция бөлімі сақшылары мен ерікті азаматтар бірігіп, 4 тамызда Талдықорған қаласында жоғалып кеткен балалардың қайда жүргені анықталды. Олар дін-аман, ата-анасына тапсырылды», - деді Текелі қалалық Полиция бөлімінің басшысы Ұлан Садықов.
Тәртіп сақшылары аталған отбасын жіті бақылауға алып, бала тәрбиесінің қалай жүргізілетінін тексеретін болады.