Атырауда лифт құлап, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Екінші жұмысшы ауыр жарақат алды

фото: azh.kz

Бүгін, 4 тамызда «Residence Ardager» тұрғын үй кешенінде лифт 15 қабаттан шахтаға құлап кетті. Лифт жөндейтін компанияның 39 жастағы монтері қаза болып, екінші жұмысшы ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады azh.kz.

«1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше жерден түрлі жарақат алған. Қазір отаға дайындалуда. Операциядан кейін дәрігерлердің бақылауында болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауы бойынша, қазір тергеуалды тексеру жүргізіліп жатыр.