Алматыда қарағандылық ер адамнан 650 грамм есірткі заты тәркіленді

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматы полицейлері қарағандылық ер адамнан 650 грамм «скорость» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және сату бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен, аса ірі көлемде алдын ала сөз байласу арқылы Қарағанды ​​облысының тумасы 39 жастағы ер адам ұсталды.

«Әуезов аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Б.есімді ер адамды ұстау кезінде және жеке тінту барысында 80 дана психотроптық заттар табылды және тәркіледі. Оларды ол Әуезов ауданының аумағына қоймақ болған. Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізгеннен кейін психотроптық зат салынған 255 дана алдын ала қапталған сөмкелер және сол психотроптық заты бар 166 полимерлі капсула мен екі қалта таразысын тәркіледі. Барлығы 650 грамм есірткі затын құрады», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Сот-химиялық сараптамасы анықтағандай, тәркіленген есірткі психотропты 2-пирролидин немесе қарапайым тілмен айтқанда «скорость» есірткі заты болып шықты. Сондай-ақ, бұл ірі көлемді құрайды және мүлікті тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі 1,3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.