Ақмола облысында көлік ішінде қалған адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның қасында болған тағы бір адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының Щучье қаласында гаражда тұрған көліктің ішінде болған екі ер адамға иіс тиген. Оның бірі – 39 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған ер адам 1980 жылғы. Ал, оның қасында болған 1981 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де көлік түтігінен шыққан газдан уланғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.