$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 12:38
Оқиғалар

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші жазаланды

Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілерге жол бермеген 140-ден астам жүргізуші жазаға тартылды

Павлодарда жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 1432 жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыс орталығындағы Всеволод Иванов көшесінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге жол бермегені сол маңдағы бейнежазбаға түсіп қалған. Патрульдік полиция батальонының инспекторы «CHEVROLET CRUZE» маркалы автокөлігін басқарған 28 жастағы жүргізушіні анықтаған.

«Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол бермегені үшін ҚР ӘҚБтК 600-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.

Полиция өз кезегінде, жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолда сақ болуларын және жол ережелерін сақтауларын сұрайды.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1432 жүргізушіні жазаға тартты.

Серіктес жаңалықтары