03.08.2021, 10:55
Оқиғалар
Қостанайдағы мелькомбинатта өрт шықты
. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
фото: Қостанай облысы ТЖД
2 тамыз сағат 22:20-да байланыс пунктіне Қостанай қаласында Наримановская көшесі 136/1 бойынша болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 22:28-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өрт ошағын сөндіре бастады.
Өрттің ұн және макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын - «Қостанай мелькомбинат» АҚ үш қабатты әкімшілік ғимаратының шатырлы орынжайын қамтығаны анықталды. ТЖ орнында жеке құрамнан 48 адам және 8 бірлік техника жұмыс істеді. Келген құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Сағат 23:44-те жалынның беті қайтып, өрт сағат 00:17-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды