03.08.2021, 09:13
Оқиғалар
Ақсуда 22 жастағы жігіт суға батып кетті
Қайғылы жағдай кеше Белая өзенінде болған
Фото: ашық дереккөзден
2 тамызда Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының маңындағы Белая өзеніне ер адам батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1999 жылы туған ер адам өзеннің шомылуға рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.
«Тұрғындарды жабдықталмаған жерлерге шомылмауға, суға спирттік ішімдік ішпей, есірткі заттарын пайдаланбай түсуге, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.
Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз бен балаңыздың өмірі бірінші кезекте сіздің қолыңызда», - деп еске салды Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды