Оқиға болған кезде түсірілген фотосурет әлеуметтік желіде тарап кетті
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты ауылдардың бірінде көлге шомылып жүрген кішкентай қыз батып кетіп, оны сол маңда демалып жүрген ер адам құтқарып қалды.
Әділхан Ауғалиұлы 54 жаста. Ол кішкентай қыз суға батып бара жатқанын бірінші көріп, дереу оны құтқаруға бел буған. Осы оқиғаға куә болған өзгелер ер адамды фотоға түсіріп, оны әлеуметтік желі арқылы таратты. Желі пайдаланушылары мұны ерлік деп бағалап отыр.