Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық турист өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Варвараны іздестіру жұмыстары 21 шілдеге дейін жалғасқан еді

фото: 24.kg

15 шілдеде Ыстық көлде жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық турист Варвара Конопасевичтің мәйіті 1 тамызда Қаракөл шатқалынан табылды. ТЖМ қызметкерлері оның мәйітін судан алып шықты, деп хабарлайды 24.kg.

Осыдан екі апта бұрын қазақстандық қыз отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына демалысқа келген. Бір кезде ата-анасы отын алып келуге кеткен. Ал қыздары қалған. Сол күннен бері оны ешкім көрмеген.

Отбасы Қырғызстанға демалуға Ресейден келген. Отбасының үш мүшесі - Ресейдің, екеуі - Қазақстан азаматы. Варвараны іздестіру жұмыстары 21 шілдеге дейін жалғасты. Жүзге тарта құтқарушы 20 шақырым жерді қарап шықты. Бірақ таба алмаған.

1 тамыз күні шатқалдан әйелдің өлі денесі табылды. Әзірге өлімнің мән-жайы белгісіз.