Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты «Ленинский-Русская поляна» тасжолында болған.
Белгілі болғандай, 31 шілде күні сағат 17:30 шамасында «Volkswagen Passat» және«Toyota Carina» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үші адам көз жұмды.
«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Ауыр соққыдан 51, 49 жастағы екі әйел жән, 52 жастағы ер адам, барлығы үш адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ тағы үш адам: 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел зардап шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушылар түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді.