ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда жол апатынан 3 адам көз жұмды

Қатты соққыдан көлік жолдың шетіне ұшып түсіп, металл қоршауға соғылған

Фото: sputniknews.kz

Алматыда жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен автобусқа соқтығысты. Апаттан үш адам көз жұмды, тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Ірі жол апаты Алатау ауданындағы Жаужүрек көшесінде (бұрынғы Бұрындай тасжолы) болды.

Куәгерлердің айтуынша, Renault көлігі Жаужүрек көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ол Трудовик елді мекеніне жетпей, қалаға қарай шығыс бағытта жүріп келе жатқан 15-бағдардағы автобусты бір бүйірімен соққан.

Renault көлігін жүргізген әйел рөлге ие бола алмай қалғанын айтты.

Қатты соққыдан автокөлік жолдың шетіне ұшып түсіп, содан кейін металл қоршауға соғылған. Ол көлікті өзенге құлап кетуден сақтаған. Соқтығысу салдарынан үш адам – 1960, 1978 және 1988 жылы туған Renault жолаушылары көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр халде жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, оқиға орнына құтқару қызметі шақырылды, олар гидравликалық құралдарды пайдаланбай, қаза болғандардың денесін көліктен шығарды.

Алматы полиция департаменті жол апатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты растады және апат фактісі бойынша бірқатар сараптама тағайындалғанын хабарлады.