Шу тұрғынынан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту барысында одан жалпы салмағы 598 келі 780 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың салмағы шамамен жеті миллион дозаны құрайды.

«Қара нарықта» есірткінің мұндай мөлшерінің құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған», – деді облыстық ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.