28.07.2021, 13:42
Оқиғалар
Көкпекті ауданында ерлі-зайыптылар суға батып кетті
Ер адам әйелін құтқармақ болған
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасына екі адам батып кеткен.
«Ерлі-зайыптылар жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жағадан алысқа жүзіп кеткен 1978 жылғы әйел бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке бірден асықты. Алайда ол да өз күшін дұрыс бағаламай, батып кетті», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды