СҚО-да тубдиспансерде науқастар пышақтасып, бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті 39 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ғ.Мүсірепов ауданында болған. Туберкулезге қарсы диспансерде жатқан ауылдастар арасында жанжал туып, біреуі палатадағы көршісін пышақтап тастаған деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ауруханаға жеткізілген 39 жастағы ер адам көп қан жоғалтып, салдарынан көз жұмды. Аталған дерек бойынша «кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Жанжалдың себеп-салдары тергеу жұмыстары барысында анықталады. Қазір тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды», - деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Нұрбек Баекин.

Эльмира Мәмбетқызы, Петропавл

Тегтер: