$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 10:34
Оқиғалар

Шымкент: теміржол маңында жасөспірімді ток соқты

Оқиға теміржол өтетін көпірде болған

Шымкент: теміржол маңында жасөспірімді ток соқты
көрнекі фото

Шымкентте 15-16 жас шамасындағы қыз баласын электр тогы соғып, қатты күйік алды. Төтенше жағдай 21 шілде түнгі сағат 23:00 шамасында теміржол өтетін көпірде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Анаров көшесінде, теміржол вокзалының жанында орналасқан көпірдің үстінен темір тор созылған. Куәгерлердің айтуынша, 15-16 жас шамасындағы қыз жоғары вольтты сымдар созылған темір торға көтерілген. Қас-қағым сәтте жасөспірімді электр тогы соққан, деп жазды Otyrar.kz.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылып, олар дер кезінде зардап шеккен жасөспірімді құтқарып қалды. Қыздың денесі қатты күйіп қалған. Жәбірленуші қыз ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жасөспірімнің туыстары келіп, олар да бірге ауруханаға кетті», - делінген ақпаратта.

Оқушы қыздың не себепті торға көтерілгенін және бұл қайғылы кеште не оқиға болғанын құқық қорғау органдары анықтауға кірісті.

Серіктес жаңалықтары