Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды
Мәскеудің Лубянка ауданындағы Воровский алаңында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Күдіктінің көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қоғамдық байланыс орталығы хабарлады.
«Үлкен Лубянкадағы №12 үйдің жанында белгісіз біреу адамдарды ата бастады. Жарақат алғандар бар. Қылмыскердің жеке тұлғасын анықтау үстіндеміз. Қылмыскердің көзі жойылды», - деп мәлім етті ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.
Мұның алдында Үлкен Лубянка көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылып, жол жабылыпты. Кей дерек көзіне сенсек, ФҚК-нің екі қызметкері жараланған.