Павлодар облысында әйелді кішкентай екі баласымен азаптап өлтірген

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция күдіктілерді әлі ұстаған жоқ

Ақсу қаласында жас әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласын өлтірген қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Үш адамның мәйіті 12 шілдеде сағат 11:40-та Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған.

Оқиға орнында облыстық Полиция департаменті мен прокуратураның мамандары жұмыс істеп жатыр. Мәйіттердің үшеуінен де азаптаудың белгілері, пышақ жарақаттары бар.

Күдіктілерді анықтау үшін криминалистер марқұм әйелдің көршілері мен таныстарынан сұрақ-жауап алуда. Сондай-ақ, айғақ заттар іздестіріліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.