Павлодарда жыл басынан бері 4 бала терезеден құлап, екеуі көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жыл басынан бері 4 бала терезеден құлап кетті. Полиция қызметкерлері ата-аналардан қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды сұрайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы көпқабатты үйлердің терезелерінен 4 бала құлап түскен. Өкінішке орай, олардың  екеуі қаза тапқан. 

"Терезеден құлау - жылдың жылы мезгілінде балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі. Әсіресе 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Балаларыңыздың қауіпсіздігі мен  қайда жүргенін қадағалаңыз. Олардың қауіпсіздігі тек сіздерге байланысты", - деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер келесідей кеңес береді:

  • - егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық ұстамаңыз.
  • - бала көтеріле алмайтындай етіп жиһазды терезелерден алыстатыңыз.  
  • - ешқашан москит торларына үміт артпаңыз, олар құлаудан қорғауға арналмаған.
  • - мүмкіндігінше терезелерді жоғарыдан ашыңыз.
  • - бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар орнатыңыз.
  • - терезе торларын орнатыңыз.