$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2021, 15:55
Оқиғалар

Павлодар облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға 9 шілде күні сағат 12.20-да Ертіс өзенінің жағасында болған

Павлодар облысында суға батып кеткен ер адамның денесі табылды
Рavlodarnews.kz

Павлодар облысы Тереңкөл ауданында суға батқан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 шілде күні сағат 12.20-да Ертіс өзенінің жағасында болған. 

«Песчаное ауылының маңында суға шомылу кезінде суға батып кеткен 48 жастағы адамның денесі табылды. Куәгерлер бар», - дейді департамент өкілдері. 

Айта кетсек, өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардың саны артқан. Көбінесе адамдар жүзуге тыйым салынған жерлерде қаза табады. Өткен жылы осы кезеңде жеті адам, оның ішінде екі бала қаза тапқан. Биыл 10 жағдай тіркелді, оның екеуі – балалар. 

Өңірде шомылу маусымы 1 шілдеде басталды. Тек соңғы аптада сегіз адам суға кетті. Негізгі себеп – тыйым салынған жерлерде шомылу. 
 

Серіктес жаңалықтары