Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды
Ақсу цехында жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 8 шілде күні Ақсу қаласындағы ЖШС цехында болған.
"54 жастағы қызметкер жұмыс жүргізу кезінде қолынан жарақат алған. Ер адам «сол қолдың бірінші саусағының дистальды бөлігінің толық емес травматикалық ампутациясы» диагнозымен Ақсу қаласының орталық ауруханасына жүгінді", - дейді департаменттегілер.