$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2021, 14:00
Оқиғалар

Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды

Оның кінәсі сараптама нәтижелерімен дәлелденді

Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

"Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде барлығы 2864 қылмыстық іс болды, оның ішінде 1796 іс ашылып, сотқа жолданды, ашу пайызы 75,2% құрады. 2004 жылдан бері қозғалған қылмыс ашылды. Железин ауданында ер адам әпкесін өлтірген. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды", - деді Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыс: оның ішінде 1 адам өлтіру, 2 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 бұзақылық, 10 тонау, 1 қарақшылық шабуыл және 5 айдап әкету ісі ашылған.

Қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері іздеуде жүрген 50 адам ұсталды. Оның ішінде 2016 жылы кісі өлтірген бір адам Ресейде қолға түсті.

"Бүгінде полиция департаменті жедел қызметтік жұмыстың барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұрақты режимде жұмыс істеуде", - дейді Жасқайрат Қайыров.

Серіктес жаңалықтары