ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Алматы тұрғыны өзін блогермін деп таныстырып, полицейлерден ақша бопсалаған

Күдікті 300 доллар алып жатқан кезде қолға түсті

Алматы тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінен ақша бопсалаймын деп ұсталды. Күдікті өзін блогермін деп таныстырған деп жазады Polisia.kz.

34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

«Сомма 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан $ 300 алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факт бойынша тергеу амалдары ПД Тергеу басқармасымен жүргізілуде,» – деді Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.