Жол-көлік оқиғасы Екібастұз – Лесхоз – Саяжай автожолының 7 шақырымында болған
Павлодар облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 01:35-те белгісіз жүргізуші автокөлікпен 1987 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.