Өртті сөндіруге авиация күші тартылды
Алматыда қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«3 шілдеде таңғы сағат 4: 44-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Күштер мен құралдар жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. 5 минуттан кейін келген кезде қоймалары ашық жалынмен жанып, өрттің таралуы көрші қоймаларға өрт қаупі төнді. Оқиға орнында Штаб құрылып, 4 өрт сөндіру учаске құрылды. Барлық қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды.
Өртті жоюға 84 қызметкер мен 24 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара шұғыл ден қою қызметі жұмылдырылды.
Өрт сағат 07:44-те оқшауланып сағат 08:19-да толығымен жойылды», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Қабылданған шаралардың арқасында сол жерге жақын орналасқан 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.