Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

ШҚО-да есірткімен ұсталған ер адам автобус аялдамаларын тазалау жұмыстарына тартылды

Оның қалтасынан кептірілген марихуана тәркіленген

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған алпыс сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды AltayNews.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Өскемен қаласы полиция басқармасы қызметкерлері 34 жастағы облыс тұрғынынан шалбарының қалтасынан салмағы 10 грамнан асатын кептірілген марихуананы тәркіледі.

Анықталғандай, ер адам есірткіні темекі шегу арқылы қолданған. Үйіннің жанынан жабайы қарасораны жұлып алып, оны жеке пайдалану үшін кептірген. Өскемен қалалық сотының үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Өскемен тұрғыны 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Сотталған пробация есебіне есепке алынып, тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жұмысты атқаруға жолданды. Қазіргі уақытта ол автобус аялдамалардағы қоқыстарды тазалауға кірісті. Сонымен бірге пробация қызметі қызметкерлері сотталғанға қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, оның күніне төрт сағаттық қоғамдық жұмыстарды атқармағаны үшін бір тәулікке ауыстрылатыны туралы түсіндірілді, бұл денгіміз үш аптаға қамауға алунуы мүмкін», – деп бөлісті Өскеменден қаласының пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мақсат Манарбеков.