Жеткіншек жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған
Кентау қаласында 24 маусым күні Б.Момыгұлы көшесінде адам өлімімен аяқталған жол көлік оқиғасы тіркелді деп жазады Otyrar.kz.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ВАЗ автокөлігінің кішкентай баланы қағып кеткенін анықтаған. Бала жаяу жүргіншілердің өтуіне арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған. Алған ауыр жарақаты салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.
Қазіргі таңда ВАЗ жүргізушісінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тергеу жүріп жатыр. Ол ешқайда кетпеу қолхатымен үйіне жіберілген.