29.06.2021, 01:07
Оқиғалар
Оралда өзенге ағып бара жатқан 14 жастағы жеткіншек құтқарылды
Оқиға қалалық саябақта болған
Оралда Шаған өзеніне батып бара жатқан 14 жастағы жасөспірім құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды. Сағат 18.25-те жедел құтқару жасағының қызметкерлері ағыс алып бара жатқан 14 жастағы жасөспірімді құтқарды. Ол шомыламын деп суға батып кете жаздады.
Жасөспірім 20 жастағы ағасының қолына тапсырылды. БҚО ТЖ департаменті суға түскен кезде қауіпсіздік қағидасын ұмытпау керектігін еске салады.
Айта кетейік, бұдан бұрын БҚО-да суға батып бара жатқан 19 жастағы жігіт құтқарылған еді.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды