$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2021, 22:53
Оқиғалар

Үндістанда коронавирустан қайтыс болған жүздеген адамның мәйіті су бетіне қалқып шықты

Билік оларды өртеуге көмектесуде

Үндістанның солтүстігінде Ганг өзенінің жағасына жүздеген адамның мәйіті шығып қалды. Алдын ала болжам бойынша, олар коронавирустан қайтыс болғандар деп хабарлады Euronews.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, маусымдық су тасқыны таяз қазылған қабірден мәйіттерді шайып шыққан. Билік өкілдері Аллахабад қаласында оларды жаппай өртеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін 150 мүрде күлге айналыпты.

«Біз қабірді қазып алып жатқан жоқпыз, тек су бетіне шыққан мәйіттерді өртеп жатырмыз. Қазір адам мүрделері бірнеше шақырым қашықтықта шашылып жатыр. Біздің есебімізше, 500-600 адам осындай әдіспен жерленген. Оларды өртеу кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақтанған», - деді жергілікті шенеунік Нирадж Кумар Сингх.

Су бетіне шыққан мәйіттің көбі биыл көктемде коронавирустан қайтыс болғандар. Туыстары оларды өртей алмай суға ағызған немесе құмға көме берген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Үндістан #COVID-19