$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2021, 04:42
Оқиғалар

Түркістанда тұрғындардың 1 млн теңгесін алдап алып кеткен күдікті ұсталды

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны ақша беріп алғысы келгендер алданып қалды

 
Түркістанда тұрғындардың 1 млн теңгесін алдап алып кеткен күдікті ұсталды

Түркістан полицейлері 11 тұрғынды алдап, 1 млн теңге ақша жымқырып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Сарыағаш АПБ-ға облыс тұрғындарынан арыз келіп түскен. Арызда белгісіз тұлғаның өздеріне кәсіпкерлікке берілетін ақша алып беремін, сондай-ақ көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны шығарып беремін деген түрлі сендіретін сөздер айтып тұрғындардан ірі көлемде ақша алғаны көрсетілген.

«Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, күдіктіні іздестіру жұмыстарын бастады. Сарыағаштық полицейлер тұрғындарды алдап қалтасына қомақты ақшаны басқан күдіктіні ұстауға барлық күшті жұмылдырды. Соның нәтижесінде жедел уәкілдер тобы күдікті деп танылған жергілікті тұрғын азаматты анықтап, бөлімге жеткізді», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандайе, күдікті жас азамат тұрғындарға өзін белгілі бір мекемеде жұмыс істеймін деп таныстырған. Содан күдікті өз арам ойын жүзеге асырып 11 адамнан ақша алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі - 1 миллион теңге. Ол барлық ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде ұсталған күдікті қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға танымайтын адамдарға сенбеуді және жеке өзіңіз жайлы ақпарат бермеуге кеңес береді.   

Серіктес жаңалықтары