22.06.2021, 10:39
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Омбы - Майқапшағай автожолының 25 шақырымында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жол апатында жүргізуші қаза тауып, жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:20-да Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаменттегілер.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды